CREOTALENTS.COM – Британдық Кеңес қаржыландыратын «Creative Spark: Жоғары білім беру кәсіпкерлік бағдарламасының» құрамдас бөлігі. Платформа жұмысының іске асуына Бирмингем университетінің (Ұлыбритания), Оксфорд Брукс университетінің (Ұлыбритания) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Қазақстан) кәсіпкерлік, инновация және стратегия саласындағы ғалым мамандардың қатысуы мүмкіндік берді.

Платформа – шығармашылық тұлғалар мен студенттерге кәсіпкерлік дағдыларын үйреніп, өз талантын келесі деңгейге көтеру үшін арналған орын. Шығармашылық кәсіпкерлерге арналған 5 арнайы курсты әзірледік:

  1. Шығармашылық бизнесті бастау
  2. Зияткерлік меншік және маркетинг
  3. Шығармашылық ұжымдар мен жобалар
  4. Қаржы және инвесторлар
  5. Корпоративтік серіктестерге арналған қашықтықтан жұмыс орындары

Бұдан басқа, осы платформада біз сіздің фрилансер (қашықтықтан жұмыс істеуші) ретінде профиліңізді кеңейтуге мүмкіндік береміз. Сіз Қашықтықтанжұмыс орындары парақшасында өз дағдыларыңыз бен тәжірибелеріңізді көрсете аласыз, сонымен қатар әлеуетті клиенттер мен инвесторлар үшін жобаларыңызды Жобаларпарақшасында ұсына аласыз.

CREOTALENTS мақсаты – шығармашылық талантты тұлғаларға іскерлік әлемде табысқа жету, зияткерлік меншікті дамыту және қорғау, жаһандық топтық жобаларда жұмыс істеу, жергілікті және корпоративтік клиенттермен серіктес болу, олардың әсерін, мойындауын және пайдасын арттыру. Біздің әлеуетті дамыту стратегиясы үш негізгі қағидамен анықталады:

  • Шығармашылық кәсіпкерлер бизнес дағдыларын дамыта алатын көп салалы сандық платформа ұсыну
  • Шығармашылық кәсіпкерлерді клиенттер мен инвесторларды тарту үшін фрилансер немесе кішігірім фирмалар ретінде өз таланттарын көрсету.
  • Шығармашылық кәсіпкерлерге өздерінің жобаларын көрнекілендіруді арттыру үшін көрсету.

Біздің көзқарасымыз

Кәсіпкерлік нәтижелері: Бұл жоба нақты өмірде идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік негіздерінен краудфандинг пен виртуалды қолдаумен іс жүзінде тәжірибеге дәйекті түрде өту үшін күндізгі, онлайн және тәлімгерлік іс-әрекеттерді үйлестіретін инновациялық аралас оқу тәжірибесін ұсынатын болады.

Тренинг нәтижелері: Бұл ынтымақтастық Ұлыбритания, Қазақстан және Орта Азия университеттерінің оқытушылары арасында кәсіпкерлік тәжірибе алмасуын қамтамасыз етеді. Халықаралық топтармен бірге ғылыми қауымдастық пен өнеркәсіп арасында оқытудың жаңа форматын тәжірибелік қолдану барлық қатысушылардың өздерінің студенттерін оқыту және олармен тиімді жұмыс істеуі үшін жоба нәтижелерін үйрену және өз оқу орындарында бейімдеу пайдалы болады.

Зерттеу нәтижелері:Бұл жоба сандық айырбас экономикасы үшін шығармашылық салаларға мамандандырылған жетекші стандартты ұсыну мақсатына бағытталған ұзақ мерзімді мұраны дамытуға арналған. Бұл болашақ зерттеу жұмыстары мен гранттық жобалардың мақсаттары үшін шығармашылық кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі туралы ой толғаулар мен осы жобадан алынған деректерді жинау мен талдау арқылы жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік нәтиже: Бұл жоба ғалымдарға шығармашылық салаларда кәсіпкерлердің таңдаулы топтарын дайындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ірі фирмалар өз жобаларына тарту үшін жүгіне алатын фрилансерлер мен стартаптар үшін өздерінің алғашқы дерекқорын құруға мүмкіндік береді. Бұл бәсекелестік ортаны емес, керісінше бірлескен жұмысты қалыптастыра отырып, кіші және ірі компаниялар арасындағы алшақтықты қысқартады.

Саяси нәтижелері: Бұл жоба кәсіпкерлікті экономикалық дамудың қуатты құралы және шығармашылық салаларда жас ұрпаққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ретінде оқытуға назар аударады. Біз стартаптар мен инкубаторларға, шығармашылық экожүйелерге арналған кәсіпкерлік хабтарына көбірек қаржы жұмсау үшін саясатқа ықпал етуге тырысамыз.

Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme

Our Team
demo_image

Доктор Армияш Нурмагамбетова

demo_image

Профессор Левент Алтынай

demo_image

Доктор Эндрит Кромидха