BIG IDEA CHALLENGE 2020

БРИТАНДЫҚ КЕҢЕС БАЙҚАУЫ

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ

Сіз 18-ден 35 жасқа дейінгі студент, түлек немесе жас кәсіпкерсіз бе? Сіз Қазақстан азаматысыз ба? Сіз өз бизнесіңізді ашуды армандайсыз ба? Егер солай болса, онда бұл сіз іздеген мүмкіндік болуы мүмкін! Big Idea Challenge бейнебаян байқауы Creative Spark Higher Education Enterprise Британдық Кеңес бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады және сізді инновациялық жаңа “стартап” әзірлеуге, содан кейін ол туралы бүкіл әлемге айтуға шақырады. Сіздің идеяңыз нақты бір әлеуметтік мәселені шешуге және тұтынушыларды ерекше ұсыныспен таңқалдыруы керек. Байқауға қатысу үшін Creotalents жобасының командасымен хабарласыңыз. Байқауға іріктеу ережелері мен қалай қатысуға болатыны туралы ақпарат алу үшін info2018creo@gmail.com электронды поштаға жазыңыз.

БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ

1 КЕЗЕҢ:
СӘУІР/МАМЫР АЙЛАРЫНДА БАЙҚАУҒА ӨТІНІШТЕРІҢІЗДІ ЖІБЕРІҢІЗ

Сіз Creative Spark Британдық Кеңесінің жұмысына қатысу үшін жасыңыз 18-35 аралығында Қазақстан азаматы болуыңыз керек. Керемет жүлделерді ұтып алу үшін сізге ағылшын тілінде 60 секундтық бейнебаян әзірлеп, өтінішті бізге 2020 ж 15 сәуірге дейін жіберу керек!

2 КЕЗЕҢ:
ІРІКТЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ ДАУЫС БЕРУ

Байқаудың финалистері 1 маусымда жарияланады.

3 КЕЗЕҢ:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ФИНАЛ

Шілденің ортасында ұлттық финалдан кейін, әр елдің бір командасы Ұлыбританияға шақырылады. Бұл жеңімпаздар өз идеясын іске асыру үшін бизнес-тәлімгерлікті қоса алғанда, жүлделерге ие болады-сондай-ақ өз бизнесін дамыту үшін бастапқы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 3 000 фунт стерлинг мөлшерінде гранттық қаржыландыру алады. Қыркүйек айының басында Ұлыбританияға бір аптаға әр елден ұлттық чемпиондар командасының бір мүшесі келеді. Халықаралық жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазан айында Украинада жарияланады.

САНАТТАР

САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

Технологияларды инновациялық пайдалануға негізделген және жаңа бағдарламалық немесе аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу мен қолдануды болжайтын идеялар.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘСЕРІ

Әлеуметтік ықпалдасуға және гендерлік теңдікке қатысты идеялар немесе олардың шегінен тыс орналасқан қауымдастықтар мен бейбітшілікке бағытталған. Бұл ең мұқтаждарға көмектесетін экологиялық немесе әлеуметтік идея болуы мүмкін.

КРЕАТИВТІЛІК

Сізде жаңа өнім үшін идея бар ма, көрме немесе сіздің мәдени ортаны жарқын ету тәсілдері бар ма? Мүмкін, шығармашылық адамдарға жаңа аудиторияға шығып, табысты болуға көмектесетін идея бар шығар.

Егер қатысқыңыз келсе:

1) жоба туралы ағылшын тілінде 60 секундтық бейнебаян дайындап және оны Youtube платформасына жүктеңіз;

2) келесі сілтеме арқылы өтінішті толтырыңыз https://forms.gle/EK3d3N14gMykLoQg7

Сіз жеке немесе үш адамға дейін команда болып қатыса аласыз.

Өтініштер 2020 ж. 15 сәуірге дейін қабылданады.

Байқау туралы толық ақпаратты және бейнебаян үлгілерін осы сайттан көруге болады https://creativespark-bigidea.uk

Келесі сілтеме бойынша байқауға іріктеу талаптарын және критерийлерін таба аласыз https://drive.google.com/drive/folders/1ikITH0RrzSVqyqaae5pLFvKNuz65o0G6?usp=sharing

Сізде басқа сұрақтарыңыз бар ма?

Creotalents жоба командасымен хабарласыңыз:

e-mail: creotalentsteam@gmail.com

ұялы тел.: +77017503878 (Нурмагамбетова Армияш), +77057099596 (Алия)

БЕЙНЕБАЯН МЫСАЛДАРЫ

NATIONAL FINALISTS 2019 (KAZAKHSTAN)

BAGDAR.KZ (CATEGORY WINNER)

MARKETHON.COM (FINALIST)

INTERNATIONAL FINALISTS 2019

KAZAKHSTAN, SOCIAL IMPACT, DALATUNES (COUNTRY + CATEGORY WINNER)

UKRAINE, DIGITAL TECHNOLOGY, PIPILLOW (COUNTRY + CATEGORY WINNER)

Қолдаушылар

Бұл жоба Creative Spark бағдарламасының бөлігі болып табылады: Higher Education Enterprise және Британдық Кеңеспен қаржыландырады

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты Британ Кеңесінің веб-сайтынан алуға болады.

 

Біз әлеуметтік желілерде: