Күні: 2019 жылғы 13 ақпан

Уақыты: 15:00 – 18:00

Өткізу орны: Астана қ., Қажымұқан, 13, Еуразия ұлттық университетіЛ.Н.Гумилев, УЛК 6, ауд. 511

 

ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ

Кәсіпкерлік cаласында зерттеулер жүргізу үшін әлеуетті қалыптастыру

Біз саясат пен практика саласында шешімдер қабылдау үшін сенімді дәлелді негіз құру мақсатында әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырудың маңыздылығын мойындаймыз. Зерттеу әлеуетін арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде және тәжірибеде жеке тұлғалар мен топтарды, ұйымдар мен желілерді қолдау жөніндегі бастамаларды қамтиды.

Service Industries Journal (SSCI, Impact Factor Journal) журналының бас редакторы Левент Алтынайдың басшылығымен жүргізілетін бұл іс-шара ұсынады:

  • Зерттеу идеяларын генерациялауда және табысты дамытуда кеңес беру, оқыту және қолдау, сондай-ақ SSCI индекстелетін импакт-фактор журналдарында мақалаларының табысты жариялау, бизнес, менеджмент және басқа да әлеуметтік ғылымдарда зерттеу әдістерін жетілдіру бойынша кеңес беру, оқыту және қолдау көрсету.
  • Ең үздік импакт-факторы бар (SSCI индекстелетін) журналдарда жариялау үшін зерттеу нәтижелерінен жақсы тұжырымдалған мақалаларды әзірлеу бойынша кеңес беру, оқыту және қолдау көрсету.
  • Студенттерге шығармашылықты, инновациялықты, өзіне сенімділік, тәуекелдікке бел бууға ынталандыруға көмектесетін, әр түрлі жағдайларда өзінің эмоционалдық және мәдени интеллектін басқаруға және осылайша олардың өмір сүру сапасын арттыруға көмектесетін ғылыми негізделген оқу бағдарламасын әзірлеу және оқыту мәселелері бойынша кеңес беру, оқыту және қолдау.

Семинар барысында профессор Левент Алтынай шығармашылық кәсіпкерлік туралы түсінік пен білімдердің дамуына үлес қосатын, жас зерттеушілерді мен жас ғалымдарды өздерінің зерттеу идеяларын әзірлеу мен дамытуды ынталандырып қолдайды. Осы семинарда жеке, ұйымдастырушылық және ұлттық деңгейде саясатты әзірлеу және тәжірибені негіздеу үшін ғылыми негізделген зерттеулерді пайдаланудың түрлі стратегиялары мен тәсілдері ұсынылатын болады.

Профессор Левент Алтынай туралы:

Доктор Левент Алтынай стратегия, кәсіпкерлік саласындағы профессор, The Service Industries Journal (SSCI индекстелетін) журналының бас редакторы. Ғылыми қызығушылық саласы – кәсіпкерлік, стратегиялық альянстар және халықаралық бизнес. Бірінші кезекте сапалы әдістерді, сондай-ақ аралас әдістерді пайдалана отырып, ол кәсіпкерлер өз бизнесін қалай бастап дамытатынына және фирмалар халықаралық деңгейде серіктестік қарым-қатынас орнататынына ерекше қызығушылық танытады. Пьемонт университетінің (Италия), Кальяри университетінің (Италия), Коч университетінің (Стамбул, Түркия) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Астана, Қазақстан) шақырылған профессоры. Л. Алтынай 2014 жылы Гонконгта Research Evaluation (RAE) бизнес және экономика тобының мүшесі болды.

Профессор 12-ден астам журналдың редакциялық кеңестерінің құрамына кіреді, соның ішінде Journal of Business Research, Journal of Services Marketing және Management Decision журналдары. Journal of Service Theory and Practice JSTP (SSCI Indexed) және International Journal of Contemporary Management (SSCI индекстелетін) жірналдарының кіші редакторы. Ол 6 халықаралық конференциялардың төрағасы, сондай-ақ зерттеу әдістері, кәсіпкерлік және стратегиялық басқару жөніндегі оқулықтарды қоса алғанда, төрт кітаптың бірлескен авторы.